15 мусым күні Ереванда Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда Қазақстан мен Арменияның әйелдер құрамасы арасында жауапты матч өтті.
Кездесу Қазақстан ұлттық құрамасының сенімді жеңісімен аяқталды – 3:0.
Қазақстан құрамасында гол соққандар: Б. Қырғызбаева (4), С. Бортникова (13) және А. Тұрлыбекова (81).
Қазақстан мен Арменияның әйелдер құрамасы арасындағы алғашқы матч 12 маусым күні болды. Қазақстандықтар қарсыластарынан 1:2 ұпаймен жеңіліс тапты.