«Жақында біздің бірінші маусымымыз басталды. Біз өте бай мұрамен жұмыс істеп жатырмыз: Caspionet те, Kazakh TV де еліміздің халықаралық медиакеңістігінде өзін танытатын алғашқы талпынысы болды. Қазір біз өмір сүріп жатқан тарихи кезең алдымызға сәл өзгеше міндеттер қойып отыр, өйткені жаңа Қазақстан – мемлекеттің жаңа имиджі. Бүгін мен өзімізге қоятын үш міндет пен шығармашылығымызда көргіміз келетін үш гипотеза туралы айтқым келеді», - деді К. Харламов «ТВ-брендинг және эфирлік промоушн» шеберлік сыныбында.
Телеарна басшысы бірінші міндет – дауыстың ықпалын күшейту екенін айтты. Аймақта болып жатқан оқиғалар зор дауыстың қажет екенін анық көрсетті.
«Мәселен қырғыз белсендісінің бейнежазбасын қарайық, ол барлық халықаралық медианы Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы оқиғаларды мүмкіндігінше көбірек айтуға шақырады. Ал мынау – тағы бір медиатұлға Сати Спивакованың жазбасы, ол да мемлекеттер арасындағы қақтығысқа назар аударуды сұрайды. Біздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та елімізде және өңірде бейбітшілікті нығайтуға күш салып келеді. Қазіргі гибридті соғыстар заманында дауысыңды естірту өте маңызды. Сонымен бірге, біздің еліміздің ұстанымы әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын арттыруда. Айналамыздағы әлем күрделі болған сайын, сұраныс та күшейе түседі. Біз бұл сауалға Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның да дауысына айналып, жауап беруге дайынбыз. Мұнда біз, әсіресе, ҚР Президенті телерадиокешенінің тағы бір активі – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігімен ынтымақтастықта өте үлкен перспективаларды көріп отырмыз», - деді ол.
Спикердің айтуынша, екінші міндет – тарихтың ықпалы.
«Ежелгі дәуірден бері тарих білім мен ақпаратты берудің негізгі құралы болды. Адамдар ең маңызды оқиғаларды тыңдау үшін оттың айналасына жиналды. Ал қазір біздің телефонымыздың, компьютер, теледидар және басқа да гаджеттердің экран жарығы – көптеген тыңдаушыларды біріктіретін сәулеге айналды. Ғылым, өнер, әлеуметтік бастамалар стереотиптерге қарсы тұруға көмектеседі. Ал біз өз тарихымызды және қаһармандарымызды білеміз бе? Мәселен, бұл Назира, Еуропадағы ең сұранысқа ие қазақстандық ди-джей, ол туралы The New York Times газеті бірегей музыкалық қозғалыс медиасын жасаушы ретінде мақала жазды. Сонымен бірге, математик Тимур Рыспековті көрсетуге рұқсат етіңіздер. Ол өз командасымен өте үлкен деректерді өңдеуге қабілетті алгоритм жасады. Оның алгоритмі жер сілкінісі мен банк алаяқтықтарын болжау кезінде қолданылады. Тимурдың әзірлемесіне бес жыл болды, бірақ осы жылдары ешкім оның нәтижелерінен асып түсе алмады. Мұндай кейіпкерлер өте көп, көбінесе біз олар туралы шетелдік БАҚ-тан білеміз. Біз ҚР Президенті телерадиокешенінің тағы бір активі – Деректі кино орталығымен синергия арқылы бұл стереотипті бұзғымыз келеді», - деді телеарна басшысы.
Сонымен бірге, К. Харламов үшінші міндет – әлеуметтік оптимизм екенін атап өтті.
«Бұл қазақстандықтардың жобалары, олардың ықпалы шабыттандырады және әлеуметтік оптимизм мен табыс сценарийінің үшін қайнар көзі болады. Сондықтан біз Қазақстанның ең маңызды бастамаларын зерттеп, көрерменге баяндап бергіміз келеді», - деді Константин Харламов.