Ғаламдық, навигациялық спутниктік жүйелер ауыл шаруашылығы саласын әлемдік деңгейге дейін жеткізетін болады. Бұл туралы бүгін Алматыда «Білімдегі және өндірістегі, ғылымдағы тиімділік интеграциясы» атты тақырыпта өтіп жатқан республикалық семинар барысында "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ-ның Жерүсті кешендері бас орталығының атқарушы директоры Оңғарбек Әліпбеки айтты.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы мәселелері көп салалардың бірі. "Бірақ, ауыл шаруашылығы - басқа ғылыми салаларға қарағанда өзінің интеллектуалдық әлеуеті өте жоғары деңгейде сақтап қалған сала. Бүгінде ауыл шаруашылығына жұмсалып жатқан қаражаттар жеткіліксіз болғанымен, оның дамуына жақсы қолайлы жағдайлар жасалып жатыр. Солардың бірі - бүгінде елімізде дамып келе жатқан ғарыштық сала", - деді ол.