деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өткен жылы Үкіметке елімізді газдандыру туралы жаңа бағдарлама жасау қажеттігін, оның ішінде автономдық сұйытылған газбенен қамтуды айтып, депутаттық сауал жолдаған едік. Бізді алған жауабымыз қанағаттандырмады. Дұрысын айтқанда, бұл мәселеге «ауылдық жерлер дәстүрлі отындарын жағып отыра берсін» дегенге саятын жауап алдық. Жалпы, газға сұраныс халықаралық тұрғыдан алғанда да тұрақты өсіп отыр, алдағы уақытта да сұраныс қарқыны арта түсетіні болжанады. Дегенмен де, Қазақстанның газ саласында проблемалар көп. Мәселен, Үкімет тапсырмасымен 2010 жылы Ақмола облысын газдандыру ілкі жағдайда жүргізілуі тиіс болатын. Бірақ, ондай бетбұрыс байқалмайды. Атап өтерлігі, бұндай жобаның тиімділігі мол болатын еді. Өйткені, бұл - бизнес, әрі осы салаға қаржы салғысы келетіндер көп. Сондықтан да, Сенат комитетінде талқылай келе мәселені осылайша қалдыруға болмайды деп шештік», деді сенатор.
Осыған орай, депутат газ және газбен қамтамасыз ету туралы арнайы заң қабылдау қажеттігін алға раттты. «Сенаттың Экономикалық және өңірлік даму комитеті 2010 жылғы Үкіметтің заң шығару жоспарына газ мәселесіне арналған арнайы заң жобасын енгізуді сұрайды», деді сенатор. Депутаттың сөзіне қарағанда, бұндай заңды қабылдау арқылы қазақстандық газ магистралі бойынша тасымалданатын газдарды реттеу шаралары да қамтылатын болады. Бұдан басқа, газ жеткізушілер арасында, кондоминимум субъектілері мен жеке үй иелері арасындағы қатынастар, сондай-ақ есептеуіші жоқ нысандар үшін газ тұтыну нормативтері заңдық реттеуді қажет етеді. Тоқтала кететін жайт, газ және газбен қамтамасыз ету туралы арнайы заң Ресейде, АҚШ-та, Норвегия мен Францияда, Ұлыбританияда және басқа да мемлекеттерде бар көрінеді.