Қазақстанның геология саласын дамыту тұжырымдамасы 2030 жылға дейін есептелген

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанның геология саласын дамыту тұжырымдамасы 2030 жылға дейін есептелген, деп хабарлады pm.kz сайты.

Геология саласын дамыту тұжырымдамасына сай, 2013 жылдан 2014 жылға дейін дайындық жұмыстары жүргізілсе, 2015 жылдан 2019 жылға дейін елімізде өңірлік және кең көлемді іздестіру жұмыстары жүргізіледі, ал 2020 жылдан 2030 жылға дейін геологиялық барлау жұмыстарының іздеу-бағалауды жүргізу кезеңі болып есептеледі.