11-16 тамыз аралығында Сальвадор-де-Байя қаласында жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Бағдарлама бойынша кілемге бірінші болып грек-рим стиліндегі палуандар шығады.
Жас палуандар 11 тамызда 50, 60, 74 және 96 келі салмақ дәрежелері бойынша медальдар үшін бақ таластырады. 12 тамыз күні 55, 66, 84 және 120 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылар күш сынасады.
Қазақстанның грек-рим күресі бойынша құрамасының құрамы: 50 келі: Аманғали Бекболатов 55 келі: Ернар Фидахметов 60 келі: Дамир Зарлыхананов 66 келі: Қаһарман Қысметов 74 келі: Темірлан Шадуқаев 84 келі: Хусеин Муцольгов 96 келі: Саркис Пшеничников 120 келі: Талғат Жиентаев.