Мәдениет Ешекеев Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында туған. Семей облыстық концерттік-эстрадалық бюросында, «Қазақконцертте» өнер көрсетіп, 1975 жылдан өмірінің соңына дейін Семей облыстық филармониясының әншісі болды.
Ол - дәстүрлі халық әндерін өз ерекшелігімен аса шебер орындаушы, Жүсіпбек Елебековтің алғашқы шәкірттерінің бірі.
Оның репертуарында қазақ халық әндерімен бірге Біржан салдың, Ақан серінің, Абайдың, Жаяу Мұсаның, Балуан Шолақтың, басқа да халық композиторларының әндері кеңінен орын алған.
Әсіресе, Мәдениет Ешекеевтің өзіне ғана тән әншілік мәнерін айқын танытатын, оның ерекше нақыш-бояумен орындайтын әндері қатарына Кенен Әзірбаевтың «Бозторғай», Әсеттің «Інжу-Маржан», Балуан Шолақтың «Ғалия», Манарбек Ержановтың «Паравоз», Рамазан Елебаевтың «Жас қазақ», халық әндері «Сұржекей» мен «Аққұм» жатады.
Оның орындауындағы бірқатар әндер Қазақ радиосының алтын қорына жазылып алынған.
05:10, 16 Маусым 2016
Қазақстанның халық әртісі Мәдениет Ешекеевтің туғанына 80 жыл толды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 80 жыл бұрын (1936-1997) әнші, Қазақстанның халық әртісі Ешекеев Мәдениет Сейітжанұлы дүниеге келді.