Резервтердің өсуіне активтердің валюталық бөлігінің ұлғаюы ықпал етті. Алтын бағасының бір унция үшін 1812 АҚШ долларына дейін 3,0%-ға көтерілуіне қарамастан алтын-валюта активтерін әртараптандыру мақсатында алтынның сатылуына байланысты алтын портфелінің қысқаруы байқалды.
Желтоқсанның соңында Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (55,7 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері 90,8 млрд АҚШ долларын құраған.