Қазақстанның халықаралық резерві шілде айында 85,8 млрд долларды құрады
21:04, 13 Тамыз 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің алдын ала мәліметі бойынша, Қазақстанның халықаралық резервінің көлемі 2019 жылдың шілде айында 85,876 млрд АҚШ долларын құраған.
Бұл көрсеткіш маусым айымен салыстырғанда 0,6%, 2018жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,42%-ке аз, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.
Қазақстанның жалпы халықаралық резервінің көлемі шілдеайында 1,84%-ке азайып (өткен жылдың басынан бері 10,43% азайған), 27,702 млрддолларды құраған, соның ішінде таза халықаралық резервтер көлемі 1,86% өсіп(-10,58%), 27,219 млрд доллар болған.
ҚР Ұлттық қоры активтерінің көлемі 0,01%-ке (+0,32%)азайып, 58,174 млрд долларды құрады.
Еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің көлемі10,226 млрд долларды құрады, бұл көрсеткіш өткен айда 8,44%-ке (2018 жылдыңжелтоқсанынан - 38,16%-ке) төмендеген. Алтын активтердің көлемі 2,48%-ке (+21,44%)өсіп, 17,476 млрд долларды құрады.
Автор: Асхат Ахметбеков