ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне қарағанда, ақпанда Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері көлемі 0,27 пайызға өсіп (қаңтар-ақпанда 2,24%-ға), 31,434 млрд долларға дейін жетті. Оның ішінде таза халықаралық резервтер 0,29 пайызға (+2,26% ), 30,915 млрд долларға дейін ұлғайды.
Атап айтқанда, ҚР Ұлттық қорының активтері 59,368 млрд долларды құрап, 0,09 пайызға өсті (+1,8%). Еркін конвертацияланатын валютадағы активтер көлемі 18,404 млрд долларды құрап, өткен айда 0,76 пайыз деңгейіндегі өсімді байқатты. Алтын активтер көлемі 0,41 пайызға, 13,03 млрд долларға дейін қысқарды.