«100 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, баспанамен қамту деңгейі 1,5 пайызға көбейді. 10,5 мың шақырым автожол қайта жөнделіп, жаңадан салынды. Индустрияландыру бағдарламасы аясында құны 4 трлн теңге болатын 1000 жаңа кәсіпорын ашылды. Осылайша, 10 мың жаңа жұмыс орнын құрдық»,-деді Н.Назарбаев.
ҚР Президенті мәлім еткендей, дағдарысқа қарамастан, елдің халықаралық резерві Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда 95 млрд долларды құраған.