Қазақстанның халықаралық резервтері 7,3 пайызға өсті - Ұлттық экономика министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның халықаралық резервтері 7,3 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Елдің халықаралық резервтері 7,3 пайызға өсіп, 102,5 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ұлттық қор активтері -73,6 млрд АҚШ доллары, Ұлттық банктің алтын-валюта резерві - 28,9 млрд АҚШ доллары», - деді ол.

Жалпы министрдің айтуынша, Үкімет 2014 жылы қабылдаған шаралар елдегі макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді.