Ұлттық банк мәліметіне қарағанда, жалпы өткен жылы Қазақстанның халықаралық резервтері 10,7 пайызға артқан. Ал желтоқсан айындағы таза халықаралық резервтер - 2,47 пайызға артып, 24,134 млрд. долларға жеткен.
Бұнымен қоса, ҚР Ұлттық қорының активтері 70,544 млрд. долларды құрап, оның бір айдағы өсімі 1,13 пайызға артқан. Сонымен қатар, ЕАВ активтері 19,127 млрд. долларға жетіп, бір ай ішінде 3,74 пайызға өссе, алтын түріндегі активтер 1,88 пайызға төмендеп, 5,551 млрд. доллар болып отыр.