«Менің ойымша, Қазақстанның халықаралық саясатқа ықпалы жылдан-жылға артып келеді. Н.Назарбаевтың G20 саммитіне қатысуының өзі менің сөзіме дәлел. Сонымен бірге, ол саммитке қатысып қана қойған жоқ, жаһандық экономикалық жағдай туралы келелі мәселе көтерді», - деді ол.
Неміс журналисінің айтуынша, Қазақстан, сонымен бірге тұтас Орталық Азия Еуропа үшін, оның ішінде Германия үшін жылдан-жылға маңызды болып келе жатыр.
Р. Шулер Германияның федералды канцлері Ангела Меркель мен Нұрсұлтан Назарбаевтың G20 саммиті алаңында әңгімелескенін атап өтті.
Еске салсақ, 1 қыркүйекте Н. Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Қытайға келді. Бірінші сессияда Мемлекет басшысы жаһандық экономика мәселелерін шешу жолдары туралы өз болжамдарын айтты.