«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша біздің елдің ІЖӨ 5 пайыздан асты. Әлемдік экономикалық үдерістің бүгінгі жағдайында бұл - жаман емес көрсеткіш», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ 12 мың АҚШ долларынан асқандығын еске салып өтті. Бұған қоса, Н. Назарбаев Ұлттық қордың валюталық активтерін қосқанда Қазақстанның халықаралық жиынтық резервтері 90 млрд. долларға жуық қаржыны қамтып отырғандығын айтып өтті.
Сөз соңында Елбасы Қазақстанның экономикасына инвестициялау үшін мүмкіндіктерді кеңейту бағытында тиісті заңнамалық шаралар іске асырылып жатқандығын жеткізді.