Бұл туралы бүгін Астанада «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігін реттеу жөніндегі ТМД елдерінің 4-конференциясы» кезінде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Төлеушин мәлім етті.
Оның айтуынша, индустрияландыру бағдарламасы аясында елде химиялық өнеркәсіпті дамытудың кешенді іс-қимылдары жасалмақ. Осылайша 2014 жылға қарай Қазақстан химия өнімдерін өндіру көлемін 2 есеге дейін арттыруды көздеп отыр.
«Соңғы 8 айда республикадағы индекс бойынша, елімізде жалпы құны 90 млрд. теңге болатын химия өнімдері шығарылды. Биыл осы салада 22 инвестициялық жоба іске қосылады деп күтілуде. Оның 12-сі республикалық және 10-ы аймақтық маңызға ие», - деп атап көрсетті вице-министр.
2010 жылы Қазақстанда химия өнеркәсібі саласында 32 млрд. теңгеден астам 2 жоба пайдалануға берілді. Сондай-ақ 850 адамға жаңа жұмыс орны ашылды.