Қазақстанның химия саласын дамытуға тың қадамдар жасалмақ

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен «Біріккен химиялық компания» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл туралы Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрліктің хатшылығынан хабарланды.

Аталған меморандум бойынша, сауда саясатын дамыту саласындағы негізгі бағыттар және өзара ынтымақтастық қағидалары айқындалған. «Бұдан бөлек, Атырау облысындағы «Ұлттық индустриалдық мұнай химия технопаркі» және Жамбыл облысындағы «Тараз химия паркі» арнайы экономикалық аймақтарын дамытуға ерекше мән беріледі» делінген ақпаратта.