атап айтқанда «Connection Point» алаңдары жұмыс жасай бастады. Онда қазақстандықтар, операторды күтпей-ақ, өз беттерімен электрондық қызметтерді пайдалана алатын болады, деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен
Бұл учаскелерде кеңесшілер жұмыс жасайды. Олар азамат мемлекеттік қызметті алғаш рет пайдалана бастаса, оған міндетті түрде кеңес беру арқылы көмектеседі.
www.egov.kz электрондық үкімет порталының «Connection Point» секторларынан азаматтардың ең жиі пайдаланатын қызмет түрлері - қозғалмайтын мүліктерінің бар-жоқтығы туралы анықтамалар, мекен-жай жөніндегі анықтамалар, зейнетақылардың аударымы туралы анықтамалар және т.б. екендігін атаған жөн. Мұның сыртында ХҚКО-ның қызметін пайдаланушылар өз бетімен нәрестені балабақша кезегіне қойып, ата-тегі мен есімін өзгеруге өтініш беріп, жеке кәсіпкерлігін тіркей алады.Сонымен бірге кеңесшілер мемлекеттік баж, салық, жол қозғалысын бұзғандығы үшін айыппұлды, коммуналдық қызмет ақысын қалай төлеуге болатындығын түсіндіріп береді.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға бақылау жасау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы Бағдат Мусиннің айтуынша «ХҚКО-нда мүмкіндігі бар жерлерде өзіне өзі қызмет көрсетуді енгізудің арқасында біз ХҚКО арқылы мемлекеттік органдардың қазіргі көрсетіп отырған қызметтеріне жаңа қызметтерді одан да көбейте алатын боламыз».
«Бүгінде ХҚКО арқылы 171 қызмет түрі көрсетіліп келеді, оның 117 түрін электронды форматта алуға болады, біртіндеп біз олардың санын арттыра беретін боламыз», - деп атап өтті Б.Мусин.