Бірінші кезеңнің өзінде Андрей Назаровтың шәкірттері басымдық танытты, таблода Кевин Даллмэн, Федор Полищук пен Роман Старченконың есімдері көрініс тапты. Келесі шайбаны көрермендердің ұзақ күтуіне тура келді, екінші жиырма минуттықта сирена өшіп тұрды. Үшінші кезеңде Шухей Куджи айырмашылықты азайтты, Роман Старченко мен Федор Полищук қақпаға қосарлы шайба кіргізсе, Константин Руденко, Евгений Рымарев пен Го Танака бір-бір шайбадан соқты.
24 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де қазақстандықтар Польша құрамасымен кездеседі.