Кездесу жерлестеріміздің пайдасына 5:2 (0:1, 2:0, 3:1) есебімен аяқталды. Гол авторлары: Кирилл Ядрышников (дубль), Никита Медведев (38), Семен Кошелев (дубль).
Айта кетейік, Ниццада өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық спортшылар «А» тобының бірінші дивизионында өнер көрсетуде.
Бұның алдында қазақ хоккейшілері Италия құрамасын 5:1 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Енді Қазақстан командасы 19 сәуір күні айдын иелері - Франция құрамасымен күш сынасады.