Қазақстанның имиджі ЭКСПО-ның қалай өтетініне байланысты болады - Абаев
Ахметжан Есімов Елбасы 2015 жылдың 13 шілдесінде берген тапсырмасын бұлжытпай орындаудың қажеттілігін, оған көрменің сапалы өтуі тікелей байланысты екендігін жеткізді.
Мамандандырылған көрме Қазақстанның халықаралық дәрежесін нығайтуға көп септігін тигізеді. Сонымен қатар, кездесу барысында тағы бір басты мәселе талқыланды. БАҚ өкілдері ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты сауатты әрі кәсіби түрде жүргізіп, басылымдар мен редакциялық саясаттың бірегейлігін қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.
«Қазақстанның беделі бұл шараның қалай өтетініне байланысты екенін түсінеміз», - деп атап өтті Дәурен Абаев.
Кездесу қатысушыларының пікірінше, көрме дамуына байланысты кешенді бағдарлама дайындалып, ол қарапайым халыққа республикалық БАҚ өкілдерінің тұтыну қызығушылығы бойынша жұмыс жасайтын болады.