Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізілген бірқатар жобалардың іске қосылу мерзімін кейінге шегеру туралы ұсыныстар түсуде
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда министрлікте аталған картаға 83 қосымша жобаны енгізу туралы ұсыныс келіп түскен. Оның 27-сі ағымдағы жылдың соңына дейін қосылмақ.
«Жобаларды жіті қарау барысында министрлікке өңірлерден картадағы 12 жобаның іске қосылу мерзімін кейінге шегеру туралы ұсыныстар түсуде. Олардың 3-еуі Ақмола облысына, 1-еуі Атырау облысына, 2-еуі Шығыс Қазақстан облысына, 2-еуі Батыс Қазақстан облысына, 1-і Жамбыл облысына, 1-і Оңтүстік Қазақстан облысына, 1-і Алматы қаласына және тағы 1-і «ҚазАгро»-ға тиесілі», деді вице-министр.
Қазақстан индустрияландыру картасына сәйкес жыл соңына дейін 80 жоба іске қосылатын болады. Оның ішінде жалпы сомасы 4,9 трлн. теңгені құрайтын 47 жоба бойынша игерілген инвестиция көлемі 270 млрд. теңгені құрайды.