Оның алғашқысы 230 шақырымдық Астана - Қарағанды автожолы жобасының құны 205 миллион долларды құрайды. «Алдағы жылы бұл жоба жүзеге асырылатын болады. Ал 301 шақырымдық Алматы - Қорғас жолын салу үшін Италия мен Үндістан, Қазақстан арасында бірлескен консорциум құрылды», деді министр. Оның айтуынша, бұл жобалармен қатар алдағы уақытта құны 288 миллион долларлық 209 шақырымды құрайтын Тараз-Шымкент-Ташкент автожолы, 104 шақырымдық, құны 492 миллион долларлық Алматы - Қапшағай жолы, 70 шақырымдық 580 миллион долларды құрайтын Алматының үлкен айналма жолы жобалары жүзеге асырылады.
«Автожол салуда Қазақстан соңғы 10 жылда бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырды. Осы уақытқа дейін бұл салаға 776 миллиард теңге салынды», деді министр. Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстан аумағымен 6 халықаралық авто, 9 теміржол, 4 әуе дәлізі өтеді. Автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 128 мың, теміржол 14 мың шақырымды құрайды. 20 әуежай бар. Оның 15-і халықаралық, 9-ы IKAO талаптарына сай келеді. Сондай-ақ Азия мен Еуропа арасына 11 миллион тонна жүк тасымалын жүзеге асыратын Ақтау теңіз порты бар.