ҚР Үкіметінің қаулысы
Астана, Үкімет үйі 26 қыркүйек 2014 жыл, №1030
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір тоннасына 31 536,29 теңге (отыз бір мың бесжүз отыз алты тенге жиырма тоғыз тиын) теңге мөлшерінде белгіленсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов