«Жұмыспен қамту - 2020» жобасы аясында соңғы бес жылдың ішінде Астана мен Алматы қалаларында 2 мыңнан аса әйелге нарықта ең қажетті мамандықтар бойынша білім бердік. Олардың 5 пайызы кәсіпкер атанды. Ал 80 пайызы Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығына мүше бизнес әйелдердің иелігіндегі өндірістерге жұмысқа орналасты», - дейді ол.
Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы 20 жылдығын атап өтуде. Соған орай, «Жан қанаты» атты кітап басылып шықты. Орай түсіп тұрғанда ол Қазақстанның барша әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады.