«Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы бизнестегі нәзік жандылардың атынан «Нұр Отан» партиясының айқын жеңісімен Мемлекет басшысын құттықтаймыз. Өткен сайлау ел алдында Ұлт көшбасшысымен қойылған барлық стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру жолында маңызды тарихи оқиғаға айналды»,-деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Осы ретте ол партия жеңісі барша халықтың жеңісі екенін айта келе, Тәуелсіздік жылдарында Президенттің басшылығымен Қазақстан үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.
«Нұр Отан» партиясымен бірге жаңа Парламент жасампаздық пен даму саясатын жалғастырып, алға бағытталған президенттік реформаларды ары қарай жүзеге асырудың сапалы көрсеткіштерін айтарлықтай арттыра түседі деп сенеміз»,-деді ол.
Сөз соңында Раушан Сәрсембаева қауымдастық елдің бизнес-қоғамдастығы атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа депутаттық корпусымен бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін атап өтті.