«Тек ағымдағы жылы 1015 рұқсатнамалық процедуралардың 331 қысқартылды. Лицензия алу кезінде «жалғыз терезе» ұстанымы енгізілді»,-деді К. Мәсімов.
Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, мемлекеттік органдардың қадағалау қызметін реттеу үшін заңнамалық түрде тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде тексерулердің мерзімін бекітетін арнайы тетік нақтыланды. Сонымен қатар Премьер-Министр 2010 жылы Қазақстан Дүниежүзілік банк тарапынан бизнес ахуалды жақсарту бойынша әлемдік көшбасшы ретінде танылғанын еске салып өтті.