«Қазақстанда өте қызықты әрі өзгермелі жағдайда тұр. Осыдан бес жыл бұрын келгенімде бұл жердегі адамдардың өзгерістерге, болашақ пен прогресске ұмтылатындығын байқаған едім. Ал бұл жолы келгенімде кәсіпкерлік рухын байқадым. Яғни, елде ол дамып келе жатыр. Кеше Ақтау портында болғандымда оған көзім жете түсті. Ол елде не болып жатқанының, кәсіпкерлік рухы қалай даму үстінде екендігін шынайы дәлелі бола алды. Сондықтан Қазақстанға, оның Үкіметі мен экономикасына барлық жақсылықты тілеймін. Біз қандай да бір жобаға серіктес боларымызға сенімім мол», - деді ол.
Сонымен қатар ол Қазақстанға келуінің үш себебін атады.
«Біріншіден, Қазақстан мен Швейцария көптеген халықаралық ұйымда және халықаралық тұғырнамаларда ынтымақтастықты жолға қойған. Екіншіден, Швейцария «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыруға өзінің қатысуы үшін мүмкіншіліктерді зерделеуді қалайды. Үшіншіден, менімен 20 швейцариялық компанияның өкілдері келді. Олар Қазақстанның бизнес топтары өкілдерімен кездесіп, өзара тиімді ынтымақтастықты тыңғылықты талқылайтын болады», - деді Й.Шнайдер-Амман.