Қазақстанның каратэ құрамасы Әлем кубогында екінші орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - WGKF-тың ұйымдастыруымен Украинаның Одесса қаласында каратэ годзю-рюдан Әлем кубогы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Турнирде әлемнің 15 елінен жиналған спортшылар татамиге шықты. Нұрхан Аташбайдың басшылығындағы Қазақстан құрамасы жарысқа он екі каратэ шеберін апарған болатын.

Әлем кубогының қатысушылары каратэнің ката, кобудо, шобу-кумите, ирикуми-дзю, ирикуми-го бағыттары бойынша өзара мықтыны анықтады. Қазақстандықтар осы бағыттарда, әрбір салмақ санатында үздік үштік қатарынан көрінді.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 13 алтын, 8 күміс және 5 қола медаль алып, турнирде екінші орынды иеленді.