Қазақстанның Қарулы Күштері автоматтандырылған ақпараттық жүйемен жабдықталады

None
АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін Астанада дөңгелек үстел отырысында Қазақстан әскери күштеріне автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу мәселесі талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бас қосуға 100-ден аса шетелдік және отандық жетекші ақпараттық технологиялар, радиоэлектроника, ұшқышсыз жүйе, автоматтандырылған аса дәл қару саласының сарапшылары, әскери компаниялардың мамандары, мемлекеттік ұжым өкілдері қатысты. Отырысқа төрағалық еткен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қажымұрат Маерманов, биылдан бастап қазақстандық әскер біртұтас автоматтандырылған ақпараттық жүйемен жабдықтау жұмыстары басталатындығын мәлім етті. Автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) ? Қорғаныс күштері құрылымдарын қазіргі заман талаптарына сәйкестендіріп, басқарудың жоғары жылдамдығын арттырады. Сондай-ақ ақпараттық басымдық бермек.«Қазақстанның Қарулы күштерінде басқарудың технологиялық стандарттары өте әлсіз. Сондықтан АҚШ, Израиль, Франция, Түркия, Ресей елдерінде орныққан осындай жүйесімен танысып, бізде бар стандарттармен біріктірілді. Бүгінгі күнге құжаттарды рәсімдеу және дайындық жұмыстары шегіне жетті. 2009 жылы жабдықтау, технологияларды құру жұмыстары басталады. Негізі АБЖ енгізу 2014 жылға дейін жоспарланған», дейді ҚР Қарулы күштерінің Ақпараттандыру және байланыс Бас басқармасының бастығы Амандос Сұраншиев. АБЖ әзірлеу, енгізу жұмыстарының техникалық міндеттерін «Казинформтелеком» компаниясы және ірілі-ұсақты отандық компаниялар атқарады.