Іс-шараны ауқымды орындау үшін Республикалық жедел штаб құрылған болатын. Қарулы Күштерден қару-жарақтармен және әскери техникалармен қатар жеке құрамнан 500-ден астам адам, сондай-ақ берілген ауданға біріккен күштер мен заттарды жөнелту үшін ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінен әскери-көліктік авиация тартылды.
Оқу-жаттығу дабылы - «Әлеуметтік сипаттағы төтенше оқиғалар туындаған кезде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы» оқу-жаттығуының бөлігі болып саналады. Аталған іс-шара елімізде төтенше жағдайлардың қаупі төнгенде және туындаған кезде жинақталған іс-қимыл, бірыңғай жұмыстарға мемлекеттік органдардың қабілеттілігі мен даярлық деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.