Қазақстанның Қарулы Күштерінде отшашар бөлімшелердің оқу жиындары өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жағалау» полигонында «Реактивті жаяу әскер отшашарларын қолдану қағидалары» тақырыбында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері отшашар бөлімшелерінің оқу жиындары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Далалық жиынға қатысушылар атысты бастау шебіне жасырын түрде әрекет етуді, оқу жауынгерлік жағдайдың әртүрлі жағдайларында нысананы таңдау, басып алу және шығаруды пысықтады. Іс-шара барысында әскери қызметшілер тактикалық нормативтерді зерделеп, РПО-А реактивті жаяу әскер отшашарларын қолданудың негізгі қағидаттарын меңгеріп, сондай-ақ, тәжірибе жүзінде оқ ату жаттығуларын орындады.
 

Қазіргі уақытта отшашар тасаланған атыс нүктелерін, жеңіл броньдалған техника мен қарсыластың жанды күшін жою үшін арналған жеке қарудың қуатты түрлерінің бірі болып табылады. Оның маңызды жауынгерлік артықшылығы артиллерия мен армиялық авиацияны қолдану тиімсіз болған кезде қолжетімсіз нысандарды жою мүмкіндігіне негізделген. Отшашардың әрекет ету қағидаты жоғары қысым және жоғары температуралық алаңмен жойқындау аясын құруда негізделген.