Қазақстанның кәсіпкер әйелдері елімізді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі атануымен құттықтады
17:06, 11 Шілде 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат «Қазақстанның кәсіпкер әйелдері» Қоғамдық бірлестігі елімізді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі атануымен құттықтады.
«Қазақстанның іскер әйелдер қауымы 2017-2018 жылдарына арналған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесін сайлау қорытындысы бойынша жаряланған Қазақстанның жеңісін қуанышпен қабылдады. Осы қуанышты оқиғаға орай, бүкіл еліміз бен Қазақстан Президентін құттықтаймыз», - деген «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері.
«Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың сыртқы және ішкі саясатының арқасында, сондай-ақ, Елбасының халықаралық аренадағы беделінің арқасында, осы жетістікке жеттік. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында, халықаралық қоғамдастық еліміздің аз уақыттағы жетістігін осылай бағалау жақсылықтың белгісі», - делінген кәсіпкер әйелдердің мәлімдемесінде.