Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы Елбасын сайлаудағы жеңісімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы Н. Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Күні кеше өткен Президенттік сайлау бүгінгі таңдағы Елбасы айқындаған жолдың, бағдарламалардың теңдессіз басымдықта екенін дәлелдеп отыр. Мемлекет басшысы бекіткен «Нұрлы Жол» бағдарламасы Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына енуге жағдай жасайды. Бұл ең алдымен жастарымыз үшін маңызды», - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан кәсіподақтар федерациясы төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Айтуғанов.

Сонымен қатар, федерация өкілі бүкіл қазақстандықтардың Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бағдарламалардың барлығын жүзеге асыруға дайын екенін де атап өтті.