«Су көлігі саласында Құрық портын дамыту шаралары жүзеге асты. Қуаттылығы 4 млн тонна болатын темір жол терминалы және биыл қуаты 2 млн тонна болатын автомобиль байланысы іске қосылды. Нәтижесінде, Ақтау мен Құрық порттарының өткізу қабілеті 19,5 млн тоннадан 25,5 млн тоннаға дейін артты»,- деді Жеңіс Қасымбек.
Министрдің дерегінше, қазіргі уақытта Құрық портының жаңа паромдық терминалдары арқылы халықаралық Транскаспий бағытында 23 мыңнан астам вагон мен автокөліктер немесе шамамен 3 млн тонна жүк тасымалданған.
«Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі жүк тасымалдау үлесі шамамен 37 пайызды құрайды»,- деді ол.