АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның кеден қызметі өз қатарларындағы жемқорлардан арылуды мақсат етеді. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтана мәлім етті.
Оның атап өтуінше, 2010 жылдың 1-ші тоқсанында кеден органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты 36 қылмыстық іс, олардың ішінде комитеттің ішкі қауіпсіздік бөлімшесінің күшімен 11, ал басқа құқық қорғау органдарының тарапынан 25 іс қозғалған.
Сондай-ақ есепті кезеңде 25 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық байқалса, оның 23-і комитеттің өз күшімен анықталған.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.