«2012 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан Республикасының Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 9207,2 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға кеміді», - деді ол.
Агенттік басшысының атап өтуінше, еліміздің экспорт құрылымының басым бөлігін минералды өнімдер, металдар және олардан жасалған бұйымдар, химиялық өнеркәсіп өнімдері құрайды.
«Ресей мен Беларусьтан үлкен көлемде минералды өнімдер, машиналар мен жабдықтар, металдар және олардан жасалған бұйымдар, химиялық өнеркәсіп өнімдері әкелінеді»,