Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 6,9%-ға өскен.
Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасы экспортының көпшілігін минералды өнімдер (Кеден одағы елдерінің барлық экспортының 38,9%-ы), металдар және олардан жасалған бұйымдар (30,9%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (14,6%) құрады.
Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан үлкен дәрежеде минералды өнімдері (Кеден одағы елдері импортының 27,0%-ы), машиналар және жабдықтар (27,0%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (13,0%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (11,3%) әкелінді.