Бүгін Астанада «Жаһандану жағдайында Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін экономикалық дамытудың өзекті мәселелері» атты тақырыптағы конференция барысында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев осылай мәлім етті.
Дегенмен, ректордың айтуынша, бұл көрсеткіштің өсімі негізінен Қазақстанға импорттың артуы есебінен орын алып отыр. «Мәселен, Кедендік бақылау комитетінің мәліметтеріне қарағанда, соңғы 4 жылда Кеден одағы елдерінен келетін ауыл шаруашылығының өңделген өнімдері 1,5 млрд. долларға, яғни 2 есеге дейін артқан. Бұл ретте қазақстандық экспорт 0,78 млн. доллар деңгейінде өзгеріссіз қалған. Ал бұндай жағдайда ауыл шаруашылығын дамытуға жіті назар аударып, отандық өндіруші сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттырған маңызды», - деді А. Күрішбаев.