Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Қостанай облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.