Қазақстанның кейбір өңірлерінде тұман түседі - 4 наурыздағы ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағы ауқымды антициклон ықпалында болып, күн ашық болады, кейбір өңірлерде тұман түседі, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Қостанай және Қарағанды облыстарында тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.