Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер екінші оқылымға дайындалатын болды

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарт.Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі Алмас Қосыновтың сөзіне қарағанда, заң жобасы еліміздегі бизнеске қатысты жағдайды оңалту мен әкімшілік кедергілерді жою мақсатында дайындалып отыр. «Заң жобасында қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына ерікті түрде қосатын үлесі ретінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілік мәселесі енгізілді. Сонымен қатар оған кәсіпкерлік ұйымдарын мемлекеттік органдар тарапынан тексеру шаралары бойынша да бірқатар жаңалықтар енгізілді. Олардың барлығы да осы тексерулерді мүмкіндігінше ретке келтіруді қарастырады. Заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс депутаттары 500-ден астам түзетулер енгізді. Олардың 354-і заң жобасында көрініс тапты», деді вице-министр.Отырыста заң жобасын жан-жақты қараған депутаттар оны екінші оқылымға дайындау қажет деген шешімге келді.