"Біз Нұрсұлтан Назарбаевпен экологиялық тұрғыдан таза экономиканы дамыту төңірегінде өте маңызды дискуссия өткіздік. Мен ондай экономикаға ауысу оңай емес екенін айттым. Осы саладағы жұмысты қысқа уақыттың ішінде жасап шығу мүмкін емес. Оған барлық мемлекеттердің саяси мүддесі де керек. Сосын салық жағынан жеңілдіктердің болғаны дұрыс. Қазір мұнай-газ саласындағы компанияларға жеңілдіктер беріліп жатыр. Баламалы энергетика саласындағы компанияларға да дәл сондай салықтық жеңілдіктер берілуі керек. Онсыз экологиялық таза экономиканы дамыту мүмкін емес", - деді Квон Чунг журналистерге берген сұxбатында.
Ғалымның ойынша, Қазақстан баламалы энергетиканы дамытуға білек сыбана кіріссе, жел энергиясын Қытай, Корея мен Жапония елдеріне тасымалдай алады. Ол үшін Моңғолияның энергетикалық жүйесіне қосылу қажет.
Сондай-ақ, Нобель лауреаты Орталық Азияда экологиялық қаланы салуды ұсынды. "Қазақстанның климатын ескере отырып, Монреальдің жерасты қаласы үлгісінде экологиялық қаланы салуға болады", - деп атап көрсетті Рае Квон Чунг.
Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір топ шетелдік ғалымдармен кездесті. Олардың арасында Нобель сыйлығының лауреаттары, танымал профессорлар, компания басшылары мен бұрынғы президенттер бар. Барлығы Астана экономикалық форумына қатысуға келді. Президент оларды Ақордада қабылдап, әлемдегі саяси-экономикалық жүйенің қалайша өзгеріп жатқанын жеткізді . Ал Нобель сыйлығының лауреаты Святослав Тимашев Қазақстанға теxнологиялық бодандыққа сақ болуға кеңес берді .