Қазақстанның көлік полициясы Жолдауды талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының Көліктегі ІІД-де Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауын талқылау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласының Көліктегі ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ринат Ұнарбеков Жолдаудың және билік тармақтарының құзырын үлестіру жөніндегі реформаларының маңыздылығын ерекше атап өтті.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов біздің мемлекеттің жаңа даму кезеңіне бастау болатын тарихи құжаттың негізгі қағидаттарына тоқталды.

«Жолдаудың барлық бес басымдығы бизнес саласын қамтиды және оның негізгі мәселелеріне жауап береді. Қазір әрбір азамат Қазақстанның әлемнің 30 озық мемлекетінің қатарына қосылуына өз үлестерін қосулары тиіс. Бұл үшін бізде жоғары әлеует бар», - деп атап өтті ол.

Мәжілісмен көліктегі полиция қызметкерлеріне қаратып айтқан сөзінде, біздің мемлекеттің тұрақтылығы - экономикалық даму мен мақсат-міндеттерге қол жеткізудің ең басты кепілі екендігін ерекшелеп өтті. Біз мемлекеттің, қоғамның және жеке азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, тиімді құқық қорғау жүйесін құрдық.

Сонымен қатар жиын барысында жемқорлыққа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті күшейту, ішкі қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері де сөз болды.