Қазақстанның кондитерлік өнімдері Еревандағы көрмеге қойылды
7 қыркүйек күні Ереванда Армения президенті А. Саркисянның қатысуымен «Armenia Expo» 18-ші халықаралық сауда-өнеркәсіп көрмесі ашылды. Оған түрлі елдерден тауарлар мен қызметтер нарығында көшбасшы болып отырған 170 компания қатысып отыр. Соның ішінде Қазақстанның «Рахат» кондитерлік компаниясы да бар.
«Бұл көрме игі дәстүрге айналды. Біз оны Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты форматтағы әрі ЕАЭО аясындағы өзара сауда-экономикалық байланыстардың жаңа жолдарын іздеуге мүмкіндік беретін алаң ретінде қарастырамыз», - деді Қазақстан Республикасының Армениядағы елшісі Т. Оразаев.
Екі күнге созылатын шаралар аясында жекелеген павильондар мен экспозицияларда құрылыс, туризм, қаржы, ауыр және жеңіл өнеркәсіп салаларының, азық-түлік секторының өнімдері мен қызметтері ұсынылып отыр.
Көрме 9 қыркүйек күні аяқталады.