Жамбыл облысында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, желдің секундына 18-23 метрге дейін күшеюі күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің секундына 16-21 метрге дейін күшеюі болады деп күтілуде.
Қызылорда облысында кейбір жерлерде тұман, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі. Қостанай, Атырау, Ақтөбе облыстарында кейбір жерлерде бұрқасын, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде бұрқасын, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі, жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Алматы облысында - кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында желдің секундына 18-23 метрге дейін күшеюі күтіледі.
Маңғыстау облысында кейбір жерлерде көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Қарағанды облысында түнде қатты, кейбір жерлерде өте қатты аяз болады. Солтүстік Қазақстан облысында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстарының кейбір жерлерінде түнде қатты аяз сақталады. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында түнде кейбір жерлерде қатты аяз сақталады.
Таяудағы тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының көптеген өзендерінде мұз құбылыстарына байланысты су деңгейлерінің ауытқулары байқалады, жекелеген өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін.