Қазақстанның көптеген аймақтарында қар жауып, бірқатар жерлерде бұрқасын көтерілуі, желдің күшеюі күтілуде

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні, 12 қарашада Астана қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облысында, 12 қарашада күндіз, 13 қарашада тәулік бойы Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын (қар аралас),

кей жерлерде жапвалықтап қар жауады, бұрқасын көтеріледі, желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

12 қарашада Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан  облыстарында, 13 қарашадағы тәулікте Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл облыстарында жауын-шашын, кейбір жерлерде күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар аралас) күтілуде, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.