Республиканың оңтүстік аймақтарында атмосфералық ағындардың әсерінен шамалы қар жауып, жел күшейеді. Қалған аумақта күн ашық болады.
Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман түседі.
Ақтөбе облысында түнде тұман түсіп, жаяу борасын болады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында - кей жерлерде тұман түседі, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысында кей жерлерде тұман көтеріледі, Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секудына 18-23 метрге дейін күшейеді.