Қазақстанның көптеген қаласында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 31 тамыз күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, сәрсенбіде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Өскемен (1-дәрежелі), Семей (1-дәрежелі) және Риддер (1-дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.