Қазақстанның көптеген облыстарында алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн күркірейді
14:26, 30 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген облыстарында алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлайды «Қазгидромет».
«Нағыз көктемгі күн райы тек оңтүстік облыстарда ғана емес, Қазақстанның барлық аумағында байқалып отыр. Түнгі температуралардың өзі жылы, ал оңтүстікте тіпті +5, +10 градусты көрсетіп отыр. Қазақстан аумағы бойынша ауысып отырған оңтүстік циклонмен бірге алдағы үш тәулікте көптеген облыстарда жаңбыр күтіліп, желдің 13-20 м/с жылдамдықпен соғуы, кей жерлерде күн күркіреуі күтіліп отыр. Бірақ бұл циклонның Иран аудандарынан әкелген жылы жауын-шашыны бар, климаттық нормадан жоғары температураны әлі де сақтап қалады», делінген хабарламада.